• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2020

Жалған құжат жасап, жарға жығылды

400 рет
көрсетілді

«STOP обнал» жедел алдын алу шарасы барысында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында жалған құжат жасаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Бұл туралы ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Экономикалық тергеу департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауарларға шот-фактура жазумен айналысқан.

«Олар 2018-2020 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының аумағында тоғыз мекеме құрып, заңсыз әрекеттерін іске асырған. Қылмыстық топтың жалпы айналымы 4 миллиард теңгеден асады. Қазір бұл топтың мүшелері қамауға алынды. Құжаттар, мөрлер, чек кітапшалары және 9 миллион теңге тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр» деп хабарлады департамент мамандары.