• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Ақпан, 2020

Бейнеуде өткен жылы құны 113,3 млн теңге тұратын 11 жоба мақұлданған

122 рет
көрсетілді

Бейнеу ауданының әкімі Бейнеубек Әбілов тұрғындар алдында есеп берді.

Ауданның өткен жылдағы жалпы әлеуметтік экономикалық дамуы мен 2020 жылдағы міндеттері сараланды. Қорытынды жиынға облыс әкімі Серікбай Трұмов және басқарма басшылары қатысты. Әлеуметтік сала, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы және жұмыспен қамту мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар жан жақты баяндалды. Бұл жайында Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан бюджетінің бүйірін толтыратын салықтардың түсімі де былтырғы жылмен салыстырғанда бірнеше пайызға артқан. Яғни 43,3 % көбейіп, 14,4 млрд теңгені құрады. Меншікті кірістердің орындалысы 105,5% болса, даму бюджетті 100 %, республикалық трансферттері 99,2% жетті. Өңір экономикасын өрге сүйреп отырған өнеркәсіп саласында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті. Өз ісін ашып, кәсіпкерлікке бет бұрған бейнеуліктердің саны артып келеді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында өткен жылы 113,3 млн теңгеге 11 жоба мақұлданып қолдау көрсетілді. Оның ішінде: 49,4 млн теңгеге 2 жоба субсидияланды, 62,9 млн теңгеге 8 жоба кепілдендірілді. Жаңа бизнес идеяларға 1,0 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.

Мониторинг бойынша ауданда 845 кәсіпкерлік нысан халық игілігіне жұмыс жүргізуде. Негізгі өнеркәсіп өнімінің көлемі 81,8 млрд теңгеге, капиталға салынған инвестиция 36,4 млрд теңгеге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің нақты индексі 100,8% болса, инвестиция көлемі 104,5% құрады.