Білім беру мен спорт саласында да оң өзгеріс байқалады. 2018 жылы бұл салаға 7,3 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 10 мектепте ІТ-кабинеті іске қосылған. Бейнеу ауданы әкімінің есебінде айтылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сондай-ақ Опорный орта мектебінің мүмкіндігі шектеулі балаларына арналған құны 2,5 млн теңге құрайтын сенсорлық кабинетпен жабдықталып, спорт мектебінде «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру кабинеті» ашылды. Мұнда жастар қол күресі, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахматпен дойбы ойындарын ойнап бос уақыттарын тиімді өткізе алады.
Қазіргі уақытта аудандағы 2 колледжде 1189 студент, 25 білім беру ұйымында 18365 бала оқыса, 23 балабақшада 2561 сәби тәрбиеленуде. Бұл салада 5123 адам еңбек етеді, оның 2735 педагог мамандар. 1865 мұғалім білім жетілдіру курстарынан өтті.