• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Абай 06 Ақпан, 2020

Алматыда Абай ескерткіші орнатылды

577 рет
көрсетілді

Қаланың айшықты жерінен орын алған хакімнің тағы да бір мүсіні Жетісу ауданы әкімдігі ғимараты жанындағы «Гүлдер» саябағына қойылды. 

Ұлы ойшылдың  175 жылдық мерейтойына орайластырылған салтанатты рәсімге Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ танымал қаламгерлер мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Абайдың мерейтойлық жылы – мәдениет пен әдебиет қайраткерлерінің, сөз жанры шеберлерінің, жалпы шығармашылықпен айналысатындардың барлығы үшін айтулы мереке. Ұлы ақынның, философ пен ойшылдың бай мұрасы, оның адамгершілік өсиеттері қазақ халқының игілігіне айналуда және баршамыздың рухани дамуымызға қызмет етуде», деді Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Мүсіннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мүсінші Тілеуберді Бинашев.

Соңғы жаңалықтар