• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2020

«Ерсай» компаниясы мен «Дара» қоры ерекше білімді балалар үшін кабинет ашты

273 рет
көрсетілді

Қарақия ауданында білім беру саласы қолдауға ие. Жылдың қорытындысына сәйкес 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту 100% құрады. Барлық мектептер мен бөбекжайларға бейне бақылау камералары толықтай орнатылды.

- Ең жағымды жаңалық «Ерсай» компаниясы және «Дара» қорының қолдауымен Құрық ауылындағы орта мектептерде ерекше білімді қажет ететін балалар үшін кабинеттер ашылды. Ендігі кезекте үш ауысымды болдырмау мақсатында Жетібай ауылындағы ескі колледж ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына бастапқы 8,0 млн теңгесі қаралды, - деді өз есебінде Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Әндірұлы.

Аудан әкімінің айтуынша, бұл саладағы жағымды жұмыстар жалғасын таба бермек.