• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2020

Қарақияда жыл басынан бастап денсаулық мекемелері МӘМС бойынша қызмет көрсетуде

177 рет
көрсетілді

Қарақия ауданының денсаулық сақтау саласы оң көрсеткішке ие. Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 2019 жылы облыстық бюджет есебінен аудан ауруханасына фототерапия, ИВЛ аппараттары, 2 травматологиялық құрал және Жетібай ауылдық ауруханасына транспорттық кювез сатып алынды.

2020 жылы аудандық емхананың күндізгі стационардағы науқастардың денсаулығын оңалту үшін 10 млн теңгеге құрал жабдықтар сатып алуға тапсырыс берілді.

Айта кететін жәйт - 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық мекемелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша қызмет көрсетуде. Сақтандырылған тұрғындарға медициналық қызметтің барлық көмек көрсету қызметі қолжетімді болмақ. Тұрғындарға жаңа медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Барлық емдеу сауықтыру мекемелері интернет жүйесіне қосылып, медициналық құжаттар толық электрондық құжат айналымына көшірілді.