Қарақия ауданында Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша 2019 жылы аз қамтылған 529 отбасыға 321,5 млн теңге төленді. Алдағы жылы 220 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 100,3 млн теңге қаралды. Бұл туралы аталған ауданның әкімі Қ.Бековтың есебінде айтылды.
Бүгінгі күні 174 отбасыдан өтініш қабылданып оның 151 отбасына 10,2 млн теңге төленді. Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмек алушылардың балаларына кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілетін болады.
Сондай-ақ көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы алушылар саны 1260 адам. Оларға бір жылда 159 млн теңге қаражат жұмсалды.