• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Ақпан, 2020

Елімізде күнкөріс деңгейі өсті

208 рет
көрсетілді

Бір жылда Қазақстанда күнкөріс деңгейі 11,6 пайызға өсіп, 30 мың теңгеге жетті деп хабарлайды Finprom.kz сарапшылары.

Сарапшылардың мәліметінше, былтыр бұл көрсеткіш 26,9 мың теңге болған.

«Қаңтарда тауар мен қызмет түрлерінің бағасы 5,6 пайызға өсті. Азық-түлік тауарлары 9,2 пайызға қымбаттаса, қызмет түрлері 1,4 пайызға қымбаттады. Ең жоғарғы күнкөріс деңгейі - 35, 4 мың теңге. Ол Маңғыстау облысында. Бұдан бөлек, үштікке Нұр-Сұлтан (33,5 мың теңге) мен Алматы (33,1 мың теңге) қалалары кірді» дейді сарапшылар.

Сондай-ақ бұл тізімде Алматы мен Түркістан облысы бар - 30,7 мың теңге және 30,3 мың теңге.

Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі, сарапшылардың зерттеуінше, Павлодар (26,3 мың теңге), Батыс Қазақстан (26,9 мың теңге) және Ақтөбе (27,2 мың теңге) облыстарында.