• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Ақпан, 2020

Қордайлық ақсақалдар жастарды сабырға шақырды

685 рет
көрсетілді

Қариялар жергілікті тұрғындарды арандатушылыққа ермеуге үндеді. Санаулы адамдар арасындағы тұрмыстық мәселені ел көлеміндегі проблема деңгейіне шығарып, бұрмалауға болмайтынын айтты. Сан жылдар бойы қалыптасқан бейбіт ұлтаралық қарым-қатынасты көздің қарашығындай сақтау туралы сөз етті деп хабарлайды 24.kz. 

- Мынандай жүгенсіздікке берілмейік, тәртіп сақтайық. Халқымыз, жастарымыз аман болсын. Бәріміз соған атсалысайық. Халқымыз аман, тыныш болсын, - деді Қордай ауданының тұрғыны Әли Қалпақов. 

Дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының құрметті президент Лугмар Буларов  та халықты арандатушылыққа ермеуге шақырды.

- Біз әуелден тек бейбіт елде тұрып келдік. 140 жыл бұрын қазақ халқы тарихи ерлік жасап, 400 мыңнан астам адамның өмірін сақтап қалды. Талай қиын-қыстау кезеңді, ашаршылық пен соғыс жылдарын бірге өткердік. Сондықтан екі жақтың жастарын сабыр болуға шақырамын. Арандатушылыққа ермеңіздер, - деді ол.