• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2020

Маңғыстау сотында бір жылда 21 655 іс қаралып аяқталған

234 рет
көрсетілді

Маңғыстау облыстық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев өңір бойынша есепті мерзімде азаматтық және әкімшілік істердің саны едәуір азайып, татуластыру рәсімдерімен қысқартылған істердің саны артып отырғанын айтты.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы кезеңде барлығы 21 655 іс қаралып аяқталған, былтыр аяқталған істердің саны 36 434 болатын, яғни барлық аяқталған істердің саны 14 779 данаға азайған.

2 191 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы қысқартылған. Олардың ішінде 351 іс бітімгершілікке келу арқылы аяқталған. Былтыр, яғни 2018 жылы 1 549 іс татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы аяқталған, яғни бұл көрсеткіш 642 данаға өскен. Олардың ішінде 1 834 іс медиация тәртібімен аяқталған. Партисипативтік келісімге келу арқылы 6 іс қаралған, былтыр да 6 азаматтық іс партисипативтік тәртіпте қаралған болатын.

Есепті кезеңде Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік және облыстың аудандық соттарына барлығы 14 696 әкімшілік іс түскен, олардың 14 381-і қаралған. Былтыр соттарда 17 243 іс қаралған болатын, яғни қаралған істердің саны 2 862 данаға азайған.

Сонымен қатар Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев жиынға қатысушыларға сот актілерінің сапасын арттыру, талапқа сәйкес болуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.