Маңғыстау облысы Полиция департаментінде Кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен сенбілік шара өтті. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Шара Қазақстан республикасы ІІМ-нің 2019-2021жылдарға арналған идеологиялық және тәрбие жұмысы жоспарында жүктелген тапсырмаларды орындау және қазақстандық полицияның жаңа келбетін қалыптастыру, ішкі істер органдарының имиджін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Аталған шараға Полиция департаментінің басқарма, бөлім басшылары және жеке құрамы қатысты. Жеке құрамға полиция қызметінің ерлігін баяндайтын «Алтыншы пост» кинофильмі көрсетілді. Тәртіп сақшылары көрсетілімен үлкен әсер алды. Патриоттық тәрбие беру бағытындағы мазмұнды шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.