«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1,4 млрд теңге несие бөлініп, Форт-Шевченко қаласы мен Баутино ауылына ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Жоба аяқталысымен Форт-Шевченко қаласының ауыз су желісі 90% қамтылады.
Ал Таушық ауылынан 20,7 шақырымдық ауылішілік су құбырының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, деді аудан әкімі А.Қосуақов. Сондай-ақ, Сайын Шапағатов ауылдық округіндегі тұрғындар санының өсуіне байланысты 1200 орындық мектептің құрылысын жасақтауға тапсырыс берілді.
Бөбекжаймен қамту 100%-жуықтады, 22 балабақша жұмыс істеп тұр. Аудан тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша өткен жылы 2401 жұмыс орны құрылды. 1143 адам тұрақты жұмысқа, 1258 адам уақытша, 114 адам жастар практикасына жолданды.
Есептік кездесуден соң Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов сөз сөйлеп, аудан бойынша қордаланған бірнеше мәселелерді талқылады. Тұрғындар тарапынан түскен сауалдарды тыңдап, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеді.