• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2020

Аудан тұрғындары үй салу, абаттандыру жұмыстарына көмек беруде

228 рет
көрсетілді

Шетпеде Б.Жұмалиев, Н.Жұбаев атындағы орта мектебі мен аудандық мәдениет үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Ауданда барлық салаларда жоғары көрсеткіштерге, жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Аудан тұрғындарының саны 39 мыңнан асты. Әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштер өткен жылдармен салыстырғанда біршама өсті.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, тұрғындардың атсалысуымен көптеген қызметтер атқарылды. Атап айтсақ, 4 пәтерлі баспана бой көтеріп, тұрғын үйге аса мұқтаж отбасыларға тарту етілді. Аудан орталығының абаттануы мен тазалығы тұрғындармен бірлесе отырып жүргізілді.

Сонымен қатар тұрғындардың талабымен Шетпе ауылы маңында орналасқан карьерлердің тас уату қондырғысын көшіру жұмыстары заң талаптарына сай орындалуда. Алдағы жылдан да күтеріміз мол. Жыл ішінде көптеген әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандарды ашып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беру жоспарда бар, - деді Маңғыстау ауданының әкімі Т.Көшмағанбетов. 

Есеп беру кездесуінен соң облыс әкімі Серікбай Трұмов сөз сөйлеп, тұрғындар сауалына жауап берді және аудан әкіміне бірқатар тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.