• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Ақпан, 2020

Түркістан: Инвестициялық салымдардың 85,3%-ын шағын кәсіпорындар жүзеге асырған

560 рет
көрсетілді

Түркістан облысы бойынша өткен жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 441 млрд 214 млн теңге болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 38,5%-ға артқан.

Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп және жылжымайтын мүлік салаларына тиесілі. Негізгі инвестициялық салымдардың 85,3%-ын (376 млрд 207 млн теңгені) шағын кәсіпорындар жүзеге асырған.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай деректерді келтірген облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков былтыр өнеркәсіп өндірісінің көлемі — 498 млрд 347 млн теңге болып, алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артқанын атап өтті.

Тиісінше республикадағы облыстың өнеркәсіп өнім көлеміндегі үлесі —1,7%. Ал ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі өткен жылы 629 млрд 816,2 млн теңге болған, яғни 2018 жылмен салыстырғанда 4,7%-ға артқан. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы үлесі бойынша облыс республикада 3-ші орынды иемденді.