• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Ақпан, 2020

Берік Уәли Президент Әкімшілігіндегі қызметкерлер санына қатысты түсініктеме берді

306 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің саны жайында айтылды. Бұл туралы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысы аппараты қызметкерлерінің саны 3 мың адам деген жалған (фейк) ақпарат тарап жатыр. Шындығында Президент Әкімшілігінде 408 адам жұмыс істейді. Оның ішінде Қауіпсіздік кеңесінің 50 қызметкері де бар. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын нақты дерекке сүйенуге және шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауға шақырамыз. Жалған ақпаратты қасақана таратқандардың жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз», - деді Берік Уәли.