• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Ақпан, 2020

Түркістан: Жас мамандарға, көпбалалы отбасыларға баспана берілді

266 рет
көрсетілді

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданындағы 3 ауылдық округте жас мамандар мен аз қамтылған көпбалалы отбасыларға арнап екі қабатты 10 пәтерлі 3 тұрғын үй құрылысы жүргізілген болатын. Күні кеше Мыңбұлақ ауылдық округінің орталығында құрылысы аяқталған 10 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Осы жылдың ішінде қалған ауылдық округтердегі 2 тұрғын үйге 20 отбасы қоныстанады деп жоспарланып отыр. Ал жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үйге жас мемлекеттік қызметкерлер мен үйі апатты жағдайдағы және тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар қоныстанды. Салтанатты шараға қатысқан Бәйдібек ауданының әкімі Бақытбек Танагөзов үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін тапсырып, жүрекжарды тілегін жеткізді. Пайдалануға берілген тұрғын үйде қоныстанушыларға барлық жағдай жасалған.