• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Қазақстан 12 Ақпан, 2020

2021 жылы Қарақияда «Жеңіс блогы» жобасы іске қосылмақ

211 рет
көрсетілді

Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Беков мәлімдеді.

Қарақия ауданында жұмыссыздық мәселесімен күрес мақсатында, «Қазмұнайгаз» және «Лукойл» компаниялары мен бірлесе отырып, Қарақия ауданына жақын орналасқан су қоры аумағында геологиялық барлау, бұрғылау жұмыстарын жүргізу туралы инвестициялық жоба іске асады. Құрықтан бастау алып, Кендірлі аумағына дейін созылатын жоба аясында шамамен 2500-4000 жұмыс орыны ашылады деп күтілуде.

-Бұл әрине ТШО жобасы аяқталына байланысты, «Ерсай» компаниясынан жұмыстан қысқартылған тұрғындары бар біздің аудан үшін «іздегенге сұраған» жаңалық болды, дейді Қарақия ауданы әкімі Қыдырберді Беков.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Қарақия ауданы бойынша 2135 жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 4 мыңға жуықтады. 2019 жылы «Бизнестің жол қартасы-2020» бизнесті қолдаумен дамытудың бірыңғай бадарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден 12 кәсіпкер 227,5 млн теңгеге несие алды. Нәтижесінде 15 жұмыс орны ашылған.

Бүгінгі таңда Қарақия ауданында азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырылған. Сонымен бірге, ашықтықты қамтамасыз ету үшін «Қарақия адалдық алаңы» жобалық офисі ашылған.

 

Маңғыстау облысы