• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Хоккей 12 Ақпан, 2020

Шайбалы хоккей: Плей-оффқа жолдама алған тоғыз команда белгілі

100 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген командалар арасында плей-офф сайысына жолдама алғандардың саны тоғызға жетті.

Кеше Мәскеудің «Спартагы» Магнитогорскінің «Металлургынан» 4:2 есебімен айласын асырып, өз жанкүйерлерін қуантты. Осы жеңістің арқасында айтулы клуб биылғы маусымда Гагарин кубогы үшін таласу мүмкіндігіне ие болды.

Ал оларға дейін тағы сегіз команда плей-офф бәсекесінің жолдамасына иелік еткен еді. Олар – ЦСКА (Мәскеу), СКА (Санкт-Петербург), «Динамо» (Мәскеу), «Йокерит» (Хельсинки), «Ақ Барс» (Қазан), «Авангард» (Омбы), «Автомобилист» (Екатеринбург) және «Барыс» (Нұр-Сұлтан).