Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірге түскен қардың қалыңдығы 30 сантиметрді құрайды.
Облыста 30-ға жуық шаруа қожалығы қар тоқтату жұмыстарын жүргізуде. Шарбақты ауданында орналасқан «Победа» ЖШС де қар тоқтатуды бастап кеткен.
Басқарма мамандарының айутынша, қардың көп тоқтауы – егіннен мол өнімі алуға мүмкіндік береді.
Яғни, топырақ ылғалды болса, 1 гектар жерден 10 центрнерден өнім алуға болады.
Қазір «Победа» шаруашылығы қар тоқтату мақсатында жаңа технологияларды қолдануда.
Мамандар тіпті, «Победа» ЖШС-нің егістік алаңында болып, қалың қар басқан қабатты өлшеген.
Нәтижесінде, қар тоқтату жүргізілмеген аңыз бен сүдігердің биіктігі – орташа есеппен 25 см, ықтырмалы сүрі – 40 см, қар тоқтату жүргізілген аңыздың биіктігі 40 см-ді құраған.
Павлодар облысы