• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Ақпан, 2020

Қазығұрттың «Қазаны» Орта Азия елдеріне экспортталатын болады

501 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «CG Foods Central Asia» ЖШС-і тез әзірленетін «Қазан» және «Wai-Wai» маркалы кеспе өнімдерінің 10 түрін шығаруда.

Бүгінгі таңда кәсіпорында 80 адам жұмыс істейді. Алдағы жылдары жұмысшылар санын 300-ге жеткізу көзделген. Кәсіпорын биылдан бастап жылына шығарылатын 1 100 тонна өнімнің 20 пайызын еліміздің өңірлеріндегі тұтынушыларына өткізіп, 80 пайызын Орта Азия елдеріне экспорттайтын болады. Өндіріс орнына салынған инвестиция көлемі - 5,7 млрд теңге. Ал өткен жылы 1,1 млрд теңге инвестиция салынып, тез дайындалатын кеспе цехы толық жаңғыртылған еді.

Айта кетелік, Қазығұрт ауданында өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайын арта түсуіне индустриалды аймақтың қосқан үлесі мол. Бүгінгі таңда, «Қазығұрт» индустриалды аймағында жалпы құны 7,3 млрд теңге болатын 5 жоба орналастырылған.

 

Түркістан облысы