• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2020

Биыл БҚО-да 1710 пәтер беріледі

309 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында 26 мыңнан аса азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Мұның ішінде көпбалалы 1700 отбасы бар.

«Халықтың тұрмыс жағдайын, тұрғын үй жағдайын жақсарту – біздің басым бағыттағы міндетіміз» деді өңір басшысы Ғали Есқалиев.

Батыс Қазақстан облысында былтыр тұрғын үй құрылысына 16 млрд теңге бөлінген. Сөйтіп, кезекте тұрғандар 595 квартир пәтерге ие болды. Соның ішінде 291 пәтер – көпбалалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ 113 жанұя «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында жаңа баспаналы болған.

- 2020 жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 21 млрд теңге бөлінеді. Өңірде 1710 пәтер кезегінде тұрған батысқазақстандықтарға беріледі, - деді Ғали Есқалиев.

Бұған қоса Орал қаласында апатты жағдайда тұрған, тозығы жеткен көне үйлердің мәселесін мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы, жеке инвестиция арқылы шешу жолға қойылған. Дәл осы жоба бойынша қазірдің өзінде көпқабатты 5 үй салынып, тағы 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Өңір басшысы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қаржысына тағы 2 үй салынатынын хабарлады.

Одан бөлек Орал қаласында 50 мың тұрғынға арналған жаңа «Ақжайық» шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымы салынып әзір тұр.

Батыс Қазақстан