• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2020

Алып тиін төрге озды

266 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта алып тиінді Атакентке кіре берістің алдындағы аумақта орналастыру бойынша ұсыныс жобалары әзірленіп жатыр. Олар көпшіліктің талқылауына ұсынылды.

«Тиіннің орналасуын тұрғындардың бір бөлігі қолдаса, бір бөлігі қарсы болды.  Тұрғындардың пікірін ескере отырып, олар мүсінді толығымен бөлшектемеу туралы шешім қабылдады, ол Атакент аумағына өтіп, төрге озды. Қоғамдық пікірді ескере отырып, мүсінді толық бұзбаймыз деп шештік. Бірақ Атакент аумағына көшіріледі деген шешім қабылданды. Бұл наурыз айында жасалады», деді Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов.

Тиін 2018 жылдың шілдесінде «Алматы - жылы қала» жобасы аясында Атакентте орнатылды. Оның жалпы құны 23 миллион теңге, оның 15 миллион сомасы Алматы қаласының бюджетінен бөлінген.

2019 жылдың мамырында БАҚ-та сыртқы сабанын қабығын қайта өңделген пластик тақталарымен алмастыру үшін шамамен 10 миллион теңге керек деген  хабар тарады.  Тіпті крауфандинг арқылы жинамаққа да талпыныстар болды.

Жоба авторлары мүсіннің көрінісі туралы бірнеше эскиздерді де ұсынып отыр.

Бұған дейін, әкімдік алып тиін бұзылады деп хабарлаған еді.