• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
12 Тамыз, 2013

Шығыс Қазақстанда аю төрт сиырды жайратып кетті

256 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданындағы «Дородница» шаруа қожалығының жайылымында жайылып жүрген малдарға шапқан аю төрт сиырды жарып кеткен. Бұл туралы Altaynews.kz хабарлады.

Агенттік тілшісі мұның шаруашылықты кем дегенде 500 мың теңгенің шығынына отырғызып кеткенін жазады. Осыған байланысты қожалық басшысы Алексей Полянский аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінен туындап отырған проблеманы шешіп беруді өтініп, жәрдем сұрады. Ал бөлім дәл сондай өтінішті бірден облыстық орман және аң шаруашылығына жолдады. Мамандар аудандық аңшылар және балықшылар одағы басқармасының төрағасы Александр Гананы да көмекке шақырды.  

Жалпы, маймақтардың бұл Зырян ауданында ойнақ салуының бірінші оқиғасы емес екен. Биылғы көктемде ғана аюлар Феклистовкаға лап етіп келіп, екі қой мен бұқаны тартып кетіпті. Сол жолы мамандар жұрттың қауіпсіздігі үшін жабайы жануарларды ату жөнінде қаулы қабылдапты. Дәл сондай шешімнің шығарылуын қазір Дородница тұрғындары да күтіп отыр. Себебі, аюлар шабуыл жасаған жайылымдық алқап селодан бар-жоғы 18 шақырым жерде тұр.

Сұлтан Бозайғыр.