Теңіз жаяу әскерінің рота-тактикалық тобы «Оймаша» полигонына тактикалық оқу-жаттығу өткізуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-жаттығулары бөлімшелердің жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтірілуімен басталды. Дабыл берілгеннен кейін рота командирлері қойылған тапсырмаларды анықтап, қалыптасқан жағдайды бағалап, аймақтың рекогнисцировкасына кірісіп кетті. Кейін қабылдаған шешімді батальон командиріне баяндаған соң, жауынгерлік тапсырманы орындау үшін базалық аймаққа марш орындау үшін бұйрық берілді.
Бірінші кезекте командирлерге ұрыс барысындағы өзара іс-қимыл мен оның қамтамасыз етілуін ретке келтіру қажет болды. Биылғы жылы медициналық пункттің құрылуына, басқару пункттерінің инженерлік тұрғыда дұрыс жабдықталуына және рота-тактикалық топтарының атыс позициясын орыналасуына ерекше көңіл бөлінді.
- Оқу-жаттығудың басты мақсаты болып түрлі ұрыс жағдайларында, жеке құрам іс-әрекеттерін барынша келісілтірілген және тиянақты болуын пысақтау болды. Оқу-жаттығу қолайсыз ауа-райы жағдайында өткізілгеніне қарамастан қойылған тапсырмалар толықтай орындалды. Рота командирлері мен барлық жеке құрам қажетті тәжірибе ала алды, - дейді 25744 әскери бөлімінің командирі Мұрат Арапбаев.
Аталмыш оқу-жаттығуларға 300-ге жуық жауынгерлер жұмылдырылды. Оның қортындысы бойынша 6 теңіз жаяу әскері ротасының командирі гвардия аға лейтенанты Олжас Қуандықов үздік болып танылды.