• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Ақпан, 2020

Маңғыстау: Былтыр 229 мыңнан астам электронды цифрлық қолтаңба берілді

185 рет
көрсетілді

Электронды қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация 60/40 жаңа қағидасына сәйкес, фронт-офистерді кеңауқымды трансформациялаудан өткізілді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын жұмыс орындарының 80%-ы операторларға тиесілі болса, ал қазір барлық фронт-офисте жұмыс орнының 60%-ы өзіне-өзі қызмет көрсету секторына берілген. Онда азаматтар «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады. Нәтижесінде азаматтардың өз бетінше алған қызметтерінің саны 1 023 352 -ге дейін артты, «электрондық үкімет» порталында жұмыс істеу және электрондық қызметтерді пайдалануға 974 мыңнан астам кеңес берілді.

Сонымен қатар 60 мыңға жуық маңғыстаулық мобилді қосымшаларды жүктеп, оның көмегімен электрондық қызметтерді пайдаланған. Электронды үкімет порталының ұялы телефонға арналған eGov mobile қосымшасында бүгінде 59 қызмет қолжетімді.

Тұрғындар арасында электрондық қызметтерін пайдаланушылар санын арттыру үшін әр ХҚО-да мобильді тіркеу секторлары ашылған және 2019 жылы MGOV мобилді үкімет базасына - 447 мыңнан астам азамат тіркелген. Онда мамандар азаматты базада тіркеп, бірден мобилді қосымшалар арқылы қызметтерді алу жолдарын көрсетіп үйретеді. Бүгінгі күнге 59 қызмет ЕGov мобильді қосымшасы арқылы және электронды үкімет порталында-52 кызмет бір реттік пароль арқылы колжетімді, сонымен қатар, Telegram мобильді қосымшасы арқылы-26, VK. Facebook арқылы-14 қызмет қолжетімді.

Сонымен қатар 2019 жылы 229 мыңнан астам электронды цифрлық қолтаңба берілді.