• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Ақпан, 2020

Шаңғы спорты түрлері қауымдастығының басшысы сайланды

721 рет
көрсетілді

Бүгін Алматыда Қазақстан шаңғы спорты түрлері Ұлттық қауымдастығының отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдері, спортшылар мен бапкерлер, қауымдастық құрамына енетін шаңғы жарысы, тау шаңғысы, фристайл мен сноуборд, шаңғымен тұғырдан секіру федерацияларының бірінші басшылары қатысты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Отырыс барысында «Ұлттық шаңғы спорты түрлері қауымдастығы» мүшелері жиналып, қатысушылар қауымдастықтың 2019 жылғы атқарған қызметін және күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ, басқарушы органдарды қайта сайлау өткізілді.  Жиынға қатысушылардың бірауыздан шешуі арқылы Қазақстан шаңғы спорты түрлері Қауымдастығының президенті болып Сүлейменов Диас Төлеутайұлы сайланды. 

Диас Сүлейменов көптеген жылдар бойы қазақстандық спортты дамытуға белсенді түрде атсалысып келеді. Он жылдан аса уақыт бойы елордадағы бокс федерациясын басқарған ол қазіргі таңда паралимпиадалық қозғалысты дамытуға арналған ірі жобаларда жұмс істеуде.

«Бұл қызметті маған сеніп тапсырғандарыңыз үшін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен құрметті әріптестер, сіздерге алғыс айтамын. Берілген мүмкіндікті жоғары бағалай отырып, еліміздегі қысқы спорт түрлерін дамытуға бар күшімді саламын. Бүкіәлемдік олимпиадалық қозғалысты шаңғы спорты түрлері алдыңғы қатарда келеді. Сондықтан, қазақстандық спортшылардың қысқы спорт түрлерінде жоғары нәтиже көрсетуіне жағдай жасау біздің міндетімізге кіреді », - деді Диас Сүлейменов. 

Қауымдастықтың таң шаңғысы, фристайл және сноубордты дамыту жөніндегі вице-президенті болып отандық бизнесмен Еркін Тәтішев тағайындалды.  Сондай-ақ отырыс барысында ревизиялық комиссия құрамы мен жаңа жарғы бекітілді.