• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Басылым басшылары 19 Ақпан, 2020

Басылым басшылары - Әбiш КЕКIЛБАЙҰЛЫ (1939-2015)

490 рет
көрсетілді

Әбіш Кекiлбайұлы Маңғыстау облысының Оңды ауылында дүниеге келген. Мектепте оқып жүрген кезiнен бастап-ақ әдебиетпен айналыса бастаған. Қазақ мемлекеттiк университетiн бiтiре салысымен (1962ж.) «Лениншiл жас» (қазiргi «Жас Алаш»), «Қазақ әдебиетi» газеттерiнде әдеби қызметкер, бөлiм меңгерушiсi болып iстедi.

1964-1968 жылдары республика Мәдениет министрлiгiнде репертуарлық-редакциялық коллегия мүшесi, 1970-1975 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор қызметiн атқарды.

1975-1984 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң мәдениет бөлiмiнде нұсқаушы, сектор меңгерушiсi, 1984-1986 жылдары республика Мәдениет министрiнiң орынбасары болды. 1986-1988 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екiншi хатшысы, ал 1988-1990 жылдары Қазақ КСР Тарихи және мәдени ескерткiштердi қорғау орталық кеңесi президиумының төрағасы қызметтерiн атқарды.

Ә.Кекiлбайұлы 1990 жылы республика Жоғарғы Кеңесiнiң депутаттығына сайланып, осындағы Мәдениет, тiл және ұлтаралық қатынастарды дамыту комитетiнiң төрағасы болды. Ал 1992-1993 жылдары «Егемен Қазақ­стан» газетiнiң бас редакторы қызметiн атқарды. Осыдан соң 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы болды. 2002 жылдың ақпанынан Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаты.

Әбiш Кекiлбайұлы – көрнектi қоғам және мемлекет қайраткерi. Қазақстанның халық жазушысы, ол Мемлекеттiк сыйлықтың, Қазақстан Республикасы Президентiнiң

«Бейбiтшiлiк және рухани келiсiм» сыйлығының лауреаты. «Отан», Құрмет Белгiсi ордендерiмен марапатталған.