• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Ақпан, 2020

Алматыда 39 медициналық ұйым ашылады

193 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев есептік кездесуде тұрғындардың денсаулық сақтау ұйымдарының қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қолданып жатқан шаралары туралы сұрақтарына жауап берді.

«Медициналық қызметтер қадамдық қолжетімділікте болу керек. Бұл әр ықшамауданда 300-500 ауысыммен қабылдайтын өз емханалары болуы тиіс дегенді білдірмейді. Бұл мүмкін емес. Десе де, негізгі медициналық қызметтер халыққа жақын ірі қолжетімді болуы тиіс», деді қала әкімі.

Осы тектес жергілікті медициналық ұйымдарды тұрғын үйлердің бірінші қабаттарына орналастыруға болады. Қала әкімі 2021 жылға дейін осындай 39 медициналық пунктің құрылысы жоспарланғанын хабарлады. Мұнда тұрғындар медициналық қызметтер ала алады. Және аталған орталықтарда тәжірибелі дәрігерлер жұмыс істейтін болады. Олар қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Айта кету керек, халықтың ресми саны 1,8 млн-нан асқан шаһардың  емханаларына 110 мыңға жуық пациент тіркелген.

Медициналық көмектің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы 11 медициналық ұйым ашылды. Оның ішіндегі біреуі Түрксіб ауданына қарасты Алтай ықшамауданында салынған. 2 денсаулық сақтау нысаны – №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы жанындағы консультативтік-диагностикалық орталық және радиологиялық корпус салынып, пайдалануға берілді. Өткен жылы 38 бірлік жедел жәрдем көліктері, 98 бірлік медицина құрылғысы сатып алынған.

Медициналыщ қызметтердің сапасын арттыру мақсатында қаланың барлық медициналық мекемелерінің аудиті жүргізілді. Медициналық ұйымдарда 30 мыңнан астам медициналық құрал-жабдықтар бар. Оның 10,9 мың жабдығы ескірген. Осыған байланысты әрбір медициналық ұйым мен ауданда медициналық жабдықтарды жаңарту бойынша үш жылдық жоспар дайындалды. Мысалы, ағымдағы жылы 78 жедел жәрдем көліктерін сатып алу жоспарланған.