Бүгін жұртшылыққа есеп беру кездесуінде қала әкімі тұрғындардың электр қуатындағы іркілістер туралы сұрақтарына жауап берді.
«Барлық иесіз жатқан желілер коммуналдық меншікке қабылданады. Сегіз ауданның алтауы бойынша жұмыс аяқталды, қалған екі ауданда жұмыс жалғасады. Мұнда барлық мәселелер сот арқылы шешіледі», – деді әкім Б. Сағынтаев.
Жалпы, бүгінде 544 иесіз нысан Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен қала балансына берілді. Қалған жұмыстар жалғаса береді.
Иесіз желілерді қала балансына көшіру коммуналдық қызметтердің авариялық жағдайларына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.