Уәлихан Қалижан Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Бесмойнақ ауылында дүниеге келген. Алматыдағы № 12 мектеп-интернатта оқып, 1966 жылы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң филология факультетiне оқуға түседi. Осы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң еңбек жолын Алматы облыстық «Жетiсу» газетiнен бастап, сырттай аспирантурада оқыды. 1978 жылы «Ақмолла ақынның өмiрi мен творчествосы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Сол жылы Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетiнде нұсқаушы, одан соң баспасөз секторының меңгерушiсi қызметiн атқарды. 1980-1986 жылдары республикалық «Ұлан»
(«Қазақстан пионерi»); 1986-1994 жылдары республикалық «Лениншiл жас» (қазiргi «Жас Алаш») газеттерiнiң бас редакторы болып жұмыс iстедi.
1994 жылы республика Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты болып сайланды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары министрiнiң орынбасарлығына тағайындалып, одан соң Қазақстан Республикасы Президент Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары қызметiне келдi. 1996 жылы «Егемен Қазақстан» газетiнiң бас редакторы болды. ҚР Парламенті Мәжілістің ІІ, ІІІ, IV шықырылымдарының депутаты.
У. Қалижан – республикаға танымал қоғам және ғылым қайраткерi. Ол – филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигi, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi. Оның «Сенiмен және сенсiз», «Шеңбер», «Президент» атты кiтаптары оқырмандардан жақсы баға алған шығармалар.