• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Медицина 19 Ақпан, 2020

Түркістан: Жедел-жәрдем қызметкерлері науқасты өлімнен аман алып қалды

309 рет
көрсетілді

Кезекшілікте болған түркістандық жедел жәрдем бригадасы клиникалық өлімге ұшыраған науқасты құтқарды. Облыстық жедел жәрдем қызметіне бейтаныс әйелдің қоғамдық орында құлап жатқаны туралы хабар келіп түседі. Құтқару тобы 7 минутта жеткен. Ес-түссіз жатқан әйелге дәрігерлер «клиникалық өлім» диагнозын қойыпты.

Медициналық қызметкерлердің жүрек-өкпе жұмысын қалпына келтіру үшін жедел шара қолдануының арқасында науқастың беті бері қарайды. Сөйтіп 41 жастағы әйелді дәрігерлер клиникалық өлімнен алып қалған. Аман қалған әйел екінші топ мүгедегі, денсаулығына қатысты дәрігерлік есепте тұрады. Өз міндетін абыроймен орындаған фельдшер Арман Сағидулат алғашқыда қобалжығанын жасырмайды. «Барлық күш-жігерімізді салып, дәрігерлік көмек көрсету менің міндетім, деп білемін. Әрбір құтқарылған жан мен үшін үлкен қуаныш»,- дейді Түркістан қалалық медициналық жедел-жәрдем қызметінің фельдшері. Дәрігерлер науқасты санитарлық көлікпен ауруханаға жеткізген.

Айта кетелік, жыл басынан бері облыстық медициналық жедел-жәрдем қызметіне 62 мыңға жуық шақырту түскен.

 

Түркістан облысы