• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 20 Ақпан, 2020

Абай мұрасына арналған көрме

726 рет
көрсетілді

«Ғылым ордасы» РМК-ның Сирек кездесетін кітаптар музейі ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез...» тақырыбында көшпелі көрме ашылды. Көрмеге Семей қаласы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және мемориалдық қорық-музейі қорынан әкелінген жәдігерлер қойылды.

Салтанатты жиынның алғы сөзін «Ғылым ордасы» РМК бас директорының ғылым және халықаралық байланыс жөніндегі  орынбасары Н.Сейдін, Абай музейінің ғылыми хатшысы Р.Елекенова бастап, Абай музейінің қызметкері Н.Боранбаев көрмемен таныстырды. Көрмеге музей қорындағы құнды қолжазбалар мен архивтік деректер, Абайдың «Тұмар» домбырасы және 1885 жылы тарихи-өлкетану музейіне тапсырған жәдігерлерімен қатар музей баспасының басылымдары қойылды.

Көрмеде сонымен қатар Абайдың өмір сүрген кезең мен сол замандағы тарихи тұлғалар туралы деректер көрсетілген  тақталар орнатылды. Шара барысында «Ғылым ордасы» РМК басшылығы Абай музейінің ұжымына алғыс білдіріп, аталған көрменің ұйымдастырушылары мен мекеме басшыларына алғыс хаттар табыс етті.

«Жиделі-Бөрібай» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми хатшысы Раушан Елекенованың айтуынша, көрме жәдігерлерінің ішінде сонымен қатар 80 жылдық тарихы бар қара шаңырақтың тарихы мен абайтану ғылымының дамуы хақындағы мол мағлұматтар бар.

 АЛМАТЫ