• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Елорда 22 Ақпан, 2020

«Байқоңыр» ауданында өрт сөндіру депосы ашылады

194 рет
көрсетілді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіру депосының құрылысымен танысты. Байқоңыр ауданында орналасқан ғимарат 4 қабаттан тұрады. Депо жұмысы биыл басталады. Өрт сөндіруге арналған арнайы техника сатып алынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Депо қызметкерлерінің қолайлы жағдайда жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Ғимаратта шеберхана, спорт залы, оқу сыныбы, халыққа нұсқау беру бөлмесі және т.б. бөлмелер бар. 3 қабатта қызметкерлерге арналған жатақхана орналасса, 4 қабатта пәтерлер бар. Депо аумағында оқу мұнарасын, кедергілері бар 100 метрлік жолақты және әмбебап алаңды салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар қала әкімі Алтай Көлгінов №1 индустриалды паркке барды. Кәсіпорын басшылары бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты. Көтерілген мәселелер жұмысқа алынды.