• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Ақпан, 2020

«ҚазМұнайГаз» Петропавл ауыр машина жасау зауытымен келісімге қол қойды

170 рет
көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Петропавл ауыр машина жасау зауытымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Келісім ҚМГ-ның еншілес ұйымдарына жүк көліктері мен арнайы техниканы жеткізіп беруді ұйымдастыру жолымен «Самұрық-Қазына» АҚ мен ПАМЖЗ арасындағы стратегиялық келісімді жүзеге асыруды көздейді.

Іс-шараның аясында «ҚазМұнайГаздың» еншілескомпаниясы «Oil Services Company» ЖШС жәнеПАМЖЗ арнайы техниканы жеткізіп беру туралыұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды.

Отандық өндірушілерді қолдау, сондай-ақ сатып алуда жергілікті үлесті ұлғайту «ҚазМұнайГаз» үшін басым бағыттардың бірі. Қолқойылған келісімшартқа сәйкес зауыт «Oil ServicesCompany» ЖШС-не ұңғымаларды жөндеу жәнеоларға қызмет көрсетуге арналған арнайытехниканы жеткізіп беретін болады.

Айта кетейік, құжатқа «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген Санаттық сатып алу стратегиясы шеңберінде қол қойылды. Аталған стратегия отандық тауар өндірушілерді, соның ішінде ПАМЖЗ-ны қолдауға бағытталған. Стратегия тәсілдерінің бірі – отандықкәсіпорындармен Стратегиялық келісімдер жасауболып табылады.

ПАМЖЗ – мұнай-газ өндіру, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химиясы, сондай-ақ химия, газ, энергетика және өнеркәсіптің басқа да салаларына арналған жабдықтарды жасайтын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Зауыттың Петропавл қаласы үшін экономикалық және әлеуметтік маңызы зор.