Орал қаласында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттайтын 8 сайт анықталды. Бұл интернет-ресурстарға Орал қаласы прокуратурасы жүргізген мониторинг барысында белгілі болған.
Мұндай ақпараттың әлеуметтік желіде, БАҚ құралдарында жариялануы заңсыз екені түсінікті. Сондықтан Орал қалалық прокуратурасы есірткіні жарнамалаған сайттарды заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді.
Осылайша, прокурордың арызы қанағаттандырылып, сайттар заңсыз деп танылды. Сайттарды бұғаттау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелді.
Батыс Қазақстан