Байқоңырда 24 млн. теңгенің ғимаратын 600 мың теңгеге сатқан
Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық прокуратурасы қаладағы құны 24 561 307 теңге болатын ғимараттың 610 614 теңгеге сатылып кеткенін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш қылмыстық келісім «В» ЖШҚ бас директоры, Байқоңыр қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бастығы және департаменттің бөлім бастығы арасында жасалған. Осылайша, Абай даңғылы бойында орналасқан облыстық әділет департаментінің теңгеріміндегі жалпы көлемі 720,8 шаршы метрлік екі қабатты ғимараттың 492 шаршы метрлік екінші қабаты барынша төмендетілген бағамен сатылған. Сауданы жекешелендіру мақсатында жүргізген ұйымдастырушылар бұрын жасалған жөндеу жұмыстарына байланысты құжаттарды қайта дайындап, оның сатылу бағасын 24 561307 теңгеден 610 614 теңгеге дейін түсіріп жіберген. Осылайша, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзып, ауыр зардаптарға әкеп соқтырғаны анықталды.
Аталған деректер бойынша жоғарыда аталған бірінші тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 177-бабы 3-бөлігі «б» тармағымен, екінші тұлғаға қатысты 307-бабы 4-бөлігі «б» тармағымен және 314-бабы 2-бөлігімен, ал үшінші тұлғаға қатысты 314-бабы 2-бөлігімен қылмыстық істер қозғалып, қарау үшін айыптау қорытындысымен Байқоңыр қалалық сотына жолданды.
Құрыш НҰРЫМБЕТ.