• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2020

Кәсіпкер баспана тауқыметін тартқан анаға 4 бөлмелі үй салып берді

447 рет
көрсетілді

Қазақстандағы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сырым Ертаев бірнеше жылдан бері мұқтаж жандарға баспана сыйлап, жомарттығымен танылып жүрген жан. Түркістан облысы Қазығұрт ауданының кәсіпкері жеке кәсібін дөңгелетіп, көптеген тұрғындарды тұрақты жұмыспен де қамтып отыр.

Ал күні кеше кәсіпкер кезекті рет қайырымдылық жасап, мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған анаға 4 бөлмелі үйді тарту етті. Тұрғын үй тауқыметін тартқан жалғызбасты ана Айгүл Садықова үш баласымен бірге жылдар бойы ауылдағы жұпыны лашықты паналап келген. Қазығұрт ауданының басшылығы бұл отбасына демеуші тауып, баспаналы болуына қолғабыс етті. «Болашақ» мөлтек ауданында орналасқан жаңа үй жарықпен, табиғи газбен қамтылған, ауызсу жүйесі жүргізілген. Өңірде қарқын алған «Қамқорлық» жобасы аясында Қазығұрт ауылының кәсіпкерлері жұмыссыз ананың жаңа қонысына үй-жиһаздарын тарту етіп, азық-түлік алып берді. Баспаналы болған отбасындағы балалардың қуанышында шек жоқ, қайырымды жандарға айтар алғысы шексіз.

Айта кетейік, Түркістан облысында жүзеге асып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Қазығұрт ауданы бойынша 86 отбасына жетекші бекітіліп, жан-жақты көмек көрсетілген. Жалпы, облыс бойынша 2 мыңға жуық отбасына жоба аясында қамқорлық жасалмақ.

Түркістан облысы