• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Тамыз, 2013

Шарайна

257 рет
көрсетілді

Британия Испанияны сотқа бермек

Лондон адамның еркін жүріп тұру құқының бұрмаланғанына наразы болса, Мадрид балықшылар мен контрабандаға тосқауыл қойылғанына наразылық білдіруде.

 

Британия Испанияны сотқа бермек

Лондон адамның еркін жүріп тұру құқының бұрмаланғанына наразы болса, Мадрид балықшылар мен контрабандаға тосқауыл қойылғанына наразылық білдіруде.

Ұлыбритания үкіметі Пиреней түбегінің шетіндегі өзінің аумағы саналатын Гибралтарды қорғап қалу үшін Еуропа сотына талап-арыз бермек ниетте. Ал Лондон мен Мадрид 1713 жылдан бері созылып келе жатқан дауды шешпек болып жатқанда, адамдар Гибралтар шекарасында кедендік тексеруді күтіп, 6-7 сағат бойы тұруға мәжбүр. Айта кету керек, дау-жанжал 24 шілдеде жергілікті биліктің жасанды риф салу үшін Гибралтар жағалауындағы теңізге 70 бетон блоктар тастау­ынан кейін туындаған болатын.

 

Сүңгуір кемедегі жарылыс

Мумбай портында тұрған, Ресейде шығарылған сүңгуір қайықтың бортында жарылыс болып, оның соңы өртке ұласты. Кейбір адамдар суға секіріп, құтылуға мәжбүр болған.

Субмаринаның суға батып кеткені, тек азғантай ғана бөлігінің су бетінде көрініп тұрғаны мәлім болып отыр. Оның ішінде шамамен 18 адам бар болуы мүмкін көрінеді. Жарақат алған бірнеше адам ауруханаларға жеткізілген. Қазіргі уақытта билік сүңгуір қайықтың ішінде қамалып қалған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерлерін жұмсауда. Сонымен бірге, апаттың орын алу себебі де анықталуда.

 

Ауғанстанда әйел депутат ұрланды

Ауғанстанның орталық провинциясы Газниде талибтер депутат Фариба Ахмади Какарды үш қызымен бірге ұрлап әкеткен. Соңынан НАТО күштері мен ауған барлаушыларының арнайы операциясы барысында балалар босатылғанымен, олардың анасы әлі күнге талибтер қолында қалуда.

Жергілікті полицияның мәліметтері бойынша, талибтер Ф.Какарға айырбас ретінде өздерінің түрмедегі 4 әріптестерін босатуды талап еткен. Сарапшылардың пайымдауынша, Ауғанстаннан 2014 жылы НАТО әскерлерінің шығарылуы осы елдегі әйелдер жағдайын барынша күрделендіріп жіберуі мүмкін. Өткен аптада ауған парламентінің мүшесі Рух Гүл мен оның күйеуіне шабуыл жасалған болатын.

 

Президент сот шешімімен келісті

Италия президенті Джорджо Наполитано Сильвио Берлускониді табыстарын жасырғаны үшін кінәлі деп тапқан сот шешімінің күшін жою­дан бас тартты.

Италия президенті елдің бұрынғы премьер-министрінің кінәлі екенін мойындай отырып, барынша бір шектеулі жағдайларда оған рақымшылық жасалуы мүмкін екенін де атап көрсеткен. Сонымен бірге, Наполитано үкіметті ауыстыру жөнінде қоқан-лоққы жасаған Берлускони партиясына заң бұлжытпай орындалуға тиіс екенін де ескертіп отыр. Италияда Берлускони партиясының билік коалициясынан шығуы ел үшін экономикалық апатқа айналуы мүмкін деп қауіптенеді.

 

Сирия дағдарысы қалай шешіледі?

Сириялық әскер де, оларға қарсы тұрған ереуілшілер де елдің бүкіл аумағында бақылау орнатуға қабілетті емес, сондықтан олар дағдарысты саяси түрде шешуге келісуге тиіс. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Мэри Харф осындай мәлімдеме жасаған.

Бүкіл Сирия аумағына олардың ешқайсысы да бақылау орната алмайды, деп атап көрсеткен ол Вашингтонда өткен брифингте. Мен орын алған ахуалды тұйыққа тірелу деп санамаймын, сонымен бірге, біздер саяси шешім табуға тиіспіз. Сондай-ақ, М.Харф Мәскеудің Сирия үкіметіне қолдау жасауына байланысты Вашингтонның өз алаңдаушылығын Ресейге талай рет хабарлағанын да айтып берген.

 

Алпыс жасөспірім түрмеден қашты

Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы түрмеде орын алған ірі көтеріліс салдарынан 60-қа жуық жасөспірім түрмеден қашып кеткен.

Жергілікті полиция 17 қашқынның ұсталғаны туралы хабарлап отыр. Жасөспірімдер мамықтарды өртеп, түзеу мекемесінің директорын кепілдікке алған. Басында жарақаты бар директор ауруханаға жеткізілген көрінеді. Сонымен бірге, түрменің 20-ға жуық қызметкерлерінің зардап шеккені де белгілі болыпты.

 

Каирдегі қақтығыстар тыйылар емес

Египет қауіпсіздік күштері мен тағынан құлатылған исламистік президент Мухаммед Мурсидің жақтастары арасындағы қақтығыстан Каирде кем дегенде 30 адам қаза тапқан.

Келіп жеткен хабарларға қарағанда, Египет қауіпсіздік күштері Мурсидің жақтастары ұйымдастырған ереуілді қуып тарату операциясын бастаған. Оның барысында ішкі қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ қолданып, тікұшақтар мен арнайы техниканы іске қосқан. Египеттің жаңа билігі Мурсидің жақтастары елдегі саяси ахуалды тұрақсыздандырып, мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр деп есептейді. Осы орайда Мурсидің қазіргі уақытта қамауда отырғанын, оған дағдарысты реттеу талпынысы сәтсіздікке ұшырады деген айып тағылғанын да айта кету қажет.

 

Германия мен АҚШ өзара тыңшылыққа тыйым салмақ

Германия мен АҚШ өзара тыңшылыққа тыйым салатын келісімшарт жасасу бағытында жұмыс жүргізуде. Бұл туралы Германия канцлері ведомствосының өкілі хабарлаған.

Ол Бундестагтың электронды тыңшылық төңірегіндегі дау-жанжалды тергеу жөніндегі комитетінің мүшелеріне Германия федералдық барлау қызметі делегациясының америкалық әріптестерімен кездескенін айтып берген. Белгілі болған мәліметтерге қарағанда, шпиондыққа қарсы келісімшарт бойынша консультациялар жүргізуге Вашингтонның өзі бастамашы болған көрінеді.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар