• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Тамыз, 2013

Елбасының орманы

364 рет
көрсетілді

Астананың өзінде жаңа сая­бақтар мен гүлзарлар құрылды, ал көгалды алаңдар көлемі мил­лиондаған шаршы метрге жетіп отыр. Бүтіндей алғанда, елорда айналасындағы қолдан отыр­­ғы­зылған ағаштар аумағы 65 мың гек­тарға жетті, мұның 14 мың гектарға жуығы қаланың өз ішінде бой көтерді. Бұл жұмыс жалғасуда. Біз Қазақстанды шын мәнінде «жасыл елге» айналдырамыз!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Дүние жаралғалы адам баласы өз жанына сая іздеп-ақ келеді. Тапқаны да бар, жоғалтқаны да аз емес. Алайда, жаратушы әу баста сол адам баласының өзегі талмасын деп өзімен бірге өзені мен көлін, орманы мен тоғайын, тауы мен тасын, жанына сая, тәніне азық болсын деп табиғат атаулыны да жаратқаны бар. «Табиғат пен адам егіз», дегенді де тегін айтпаған болармыз! Бірақ та, бүгінгінің адамы сол өзіміздің сыңарымыз бен егізіміз табиғатты жүдетіп те, жұтаңдатып та, кей жағдайда тонап та жатқанымызды тағы да өзіміз айтып, тіпті ара-арасында «табиғатты құтқару керек» деп байбалам салып қоятынымыз және бар.

Дүние жаралғалы сол табиғатқа адамнан басқа мақұлықтардың ешбірі залалын да зиянын да тигізбегені ақиқат. Ұшқан құс та, жүгірген аң да өзі жаралған қалпымен күнін көріп, өз тіршілігін жасап-ақ жатыр. Алайда, адам атты тіршілік иесі сол жаратылыстың қалпын бұзып, табиғаттың тепе-теңдігін өз айналасынан шығарып келеді. Адам баласы өз күнкөрісі үшін жасап жатыр бәрін де. Алайда, біз өз тіршілігімізді сол өз тіршілігіміз үшін құрбан қылып жатқан жоқпыз ба? Су лайланды, ауа ластанды, орман-тоғай оталып, одан қалғаны болса отқа оранып, жер өз құнарынан айырылып барады. Бұл бір бүгін ашылып отырған жаңалық емес. Тіпті, кей жағдайда әлем ғалымдары мен экологтарының айтқандарын естіп, жазғандарын оқи қалсаңыз, табиғат пен адам тіршілігі өзінің қауіпті орбитасына шыққандай үрейдің де билейтіні бар.

Осы бір алаң көңілмен жүрген сәтте көк желекке малынған айналаңды көріп үмітіңді сабақтайтының да болады екен. Мына күні кеше ғана іргетасы қаланғанына он бес-ақ жыл болған Астана қаласының орманды бақтары мен қызылды жасылды гүлзарларын көрген сайын көңіліңнің көркейіп шығары да бар. Көңілің көк желекпен көркейіп, жаның жадырап, бойың жазылатын сандаған бақтар бір ғана Астанада қаншама десеңізші! Астананың сол бақтарындағы бой түзеп, сылаңдап тұрған көк қарағай мен ақ қайыңдарды көрген сайын: «Менің Көкшемнің аспанға қол созған көк қарағайы мен Бурабайының мың бұралған биші қайыңының бүршігінен өнген бе екенсің?! – деген перзенттік іңкәр бір жүрегімнің көзімен сүйсіне де ынтыға қарайтын сәттерім аз емес! Бұл тегі жалғыз мені ғана емес, Астана бақтарының барша астаналықтарды қуаныш сезіміне бөлей алар қасиеті де шығар!

Елорданың барлық тыныс-тіршілігін үнемі өзі қадағалап, барлық мәселелерді назарында ұстап отыру ғадетінен бір танбайтын Нұрсұлтан Назарбаев жылына бір-екі рет Астана қаласы мен оның төңірегіндегі орманды алқаптарды аралап, өз көзімен бір көріп қайтатыны бар. Астананың азық-түлік белдеуімен қатар оның «жасыл белдеуін» жасау мәселесін Елбасы бір ұмытқан емес. Өйткені, бұл екеуінің де ел болудағы және де біздің Мәңгілік ел болудағы өмірлік маңызы барлығын Мемлекет басшысы айқын сезініп, сол өзіне тән а

Соңғы жаңалықтар