• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2020

Түркістан: Аурухана медициналық туризмді дамытуға үлес қосуда

548 рет
көрсетілді

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында 100-ге жуық шетел азаматы ем қабылдаған. Шет тілін меңгерген 30-ға жуық маман өзге мемлекеттерден келген науқастарға жоғары деңгейде қызмет көрсетіп келеді.

Жыл санап Марат Пашимов басқаратын бұл емдеу мекемесінің қызметі Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елінің азаматтары тарапынан сұранысқа ие болуда. Шетелдіктер көбінесе жарақат бөлімінің көмегіне жүгінеді екен. Клиникалық аурухана – облыс тұрғындарына жоғары мамандандырылған көмек көрсететін өңірдегі жетекші медициналық орталық.  Жоғары білікті дәрігерлер жыл сайын нейрохирургия, ортопедия, ота жасау, сәулелік диагностика бойынша клиникалық жолдамамен Ресей, Германия, Украина, Үндістан, Оңтүстік Корея, Испания және Израиль мемлекеттерінде біліктілік арттырады. Одан бөлек шетелдік дәрігерлер келіп, жергілікті әріптестерімен тәжірибе алмасуда.

Айта кетелік, қазіргі таңда облыстық клиникалық ауруханаға қарасты 2 емхана және 18 бөлімде 1800-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Өңірге қарасты барлық аудан тұрғындарына жолдама арқылы тегін медициналық қызметтер ұсынылады. Шалғай ауылда тұратын науқастардың жағдайы шұғыл көмекті қажет етсе, ауруханаға санитарлық авиация арқылы жеткізіледі.

Түркістан облысы