• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2020

Оралдағы «City Center»-ге «бомба қойылды»

307 рет
көрсетілді

25 ақпан күні сағат 16:45 шамасында Батыс Қазақстан облыстық Полиция Департаментінің «102» жедел қызметіне телефон шалған белгісіз адам қаладағы ірі сауда және ойын-сауық орталығы - «City Center» кешеніне бомба қойылғанын хабарлаған.

Оқиға орнына тиісті органдар, құтқару қызметі жетті. Полиция қызметкерлері ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге шығарып, жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Орал қалалық полиция басқармасы патрулдік полиция батальоны қызметкерлері жалған хабар таратып, елді дүрліктірген «телефон террорисін» анықтап, қамауға алды. Ол 1989 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екен.

«Бомба туралы хабарлаған адам мас болуы мүмкін. Болған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 273 бабы – «Террорлық акт туралы жалған хабар тарату» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде» дейді Батыс Қазақстан облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

 

Батыс Қазақстан