• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Ақпан, 2020

Ақтау әуежайында ірі мөлшерде героин тасымалдағандар ұсталды

240 рет
көрсетілді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтау халықаралық әуежайында Ираннан «героин» есірткі затының контрабандасын ұйымдастыру фактісі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде олар есірткіні асқазанына салып тасымалдаған. Яғни, олардың ішкі құрылысынан 302 героин капсуласы табылып, алынған есірткі элементтерінің құны 50 миллион теңгені құрайды. Олардың жалпы салмағы шамамен 1 кг (5 000 біржолғы мөлшерлемеге бара-бар) құрады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы мен 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

 

Маңғыстау облысы