• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Ақпан, 2020

Біржан Нұрымбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

209 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің қабылдауына 8 адам келді, оның ішінде елорда, Шымкент және Қарағанды қалаларының тұрғындары бар. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтар өз өтініштерінде мүгедектікті қайта белгілеу, жұмысқа орналасу, зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдер беру, мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру, жалақы төлемеу және жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуы сияқты мәселелерді көтерді.

Барлығын қабылдаған Біржан Нұрымбетов өтініш білдірген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, барлық өтініштерге толыққанды жауап берді.

Министр қарауға қосымша уақыт талап ететін мәселелерді жеке бақылауына алды. Сондай-ақ Біржан Нұрымбетов Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті мен Еңбекмині департаменттерінің басшыларына азаматтардың мәселелерін қолданыстағы заңнама аясында шешуге көмектесуді тапсырды.