• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Ақпан, 2020

Ауа райына байланысты 16 учаскеде жол жабылды

167 рет
көрсетілді

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 трассада көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұзындығы 2 231 шақырым болатын 16 жолдағы учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Бұл еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың 8,9 пайызы. Жалпы жол қозғалысы 7 облыста жабық», делінген хабарламада

«Нұр-Сұлтан-Теміртау» жолының 1 291-1 426 шақырымы

«Екатеринбург-Алматы» жолының 856-1 006 шақырымы (СҚО-Атбасар)

«Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» жолының 16-235 шақырымы (Нұр-Сұлтан-Шідерті)

«Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» жолының 16-51 шақырымы (Нұр-Сұлтан-Қарағанды обл)

«Жақсы-Есіл-Бұзылық» жолының 64-82 шақырымы (Есіл-Бұзылық)

«Алматы-Өскемен» жолының 971-1 068 шақырымы (Қалбатау-Қ.Қайсенов)

«Алматы-Өскемен» жолының 780-967 шақырымы (Аягөз-Қалбатау)

«Өскемен-Риддер-РФ» жолының 15-105 шақырымы (Белоусовка-Риддер)

«Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботағара» жолының 231-324 шақырымы (Ботағара-Павлодар обл)

«Қызылорда-Павлодар» жолының 970-1135 шақырымы (Қарағанды-Павлодар обл)

«Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» жолының 101-266 шақырымы (Теміртау-Ақмола обл)

«Қызылорда-Павлодар» жолының 1 000-1 066 шақырымы (Қушоқы-Молодежный)

«Екатеринбург-Алматы» жолының 1 504-1 854 шақырымы (Қарағанды-Балқаш)

«Екатеринбург-Алматы» жолының 729-856 шақырымы (Қостанай-Ақмола обл)

«Жезқазған-Петропавл» жолының 595-710 шақырымы (Ақмола обл-Новоишимское)

«Булаево-Возвышенка-Рощинское» жолының 0-228 шақырымы «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ-ның мәліметінше, ел аумағындағы жолдарда 694 техника жұмыс істеуде.