• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Елорда 28 Ақпан, 2020

Елордада «Samruk Business Forum» шарасы басталды

134 рет
көрсетілді

Елордада отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін талқылау мақсатында «Samruk Business Forum» шарасы басталды.

Жиынға Үкімет басшысы Асқар Мамин, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қатысуда.

Бүгінгі форумға шағын және орта бизнес саласындағы 200-ге тарта кәсіпорынның өкілдері қатысуда.

Сөз сөйлеу барысында Ахметжан Есімов бір көзден сатып алуды 22 есеге - 4500 позициядан 198-ге дейін қысқарту туралы хабарлады. Ол қордың сатып алу құрылымын 2018 жылдың 1 қаңтарына талдау бір көзден сатып алудың елеулі үлесін көрсетті (90%). Осыған байланысты келісім-шарттар «бюджетке» жасалды, үнемдеу және бәсекелестік орта болған жоқ.

«Жүргізілген жұмыс есебінен біз бәсекелестік нарыққа 650 млрд теңгеден астам сатып алуды тапсырдық. Оларға 13 мыңнан астам шағын бизнес субъектілері тікелей қол жеткізді. Біздің компаниялар құрылған бәсекелестік орта есебінен 40 млрд теңге үнемдеді», - деді Ахметжан Есімов.