• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Ақпан, 2020

Павлодар облысында ауыл мектебінің 19 жастағы мұғалімін зорлап кетті

362 рет
көрсетілді

Павлодар облысының Аққулы ауданы Майқарағай ауылында 19 жастағы мұғалімді зорлап кетті. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіні анықтау бойынша қажетті тергеу амалдары, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, Майқарағай ауылына жақында ғана жұмысқа келген 19 жастағы қыз мектеп маңында зорланған.

Факті бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. Полиция мәліметінше, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды.