• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Ақпан, 2020

Коронавирус: Әзербайжанда бір жағдай тіркелді

234 рет
көрсетілді

Ираннан келген ресейлік азаматтан коронавирус анықталды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Әзербайжанға Ираннан келген Ресей азаматынан коронавирус анықталды. Бұл туралы 28 ақпанда  Әзербайжан Министрлер кабинеті жанындағы жедел штабы хабарлады.

«Әзербайжанда коронавирустың алғашқы жағдайы тіркелді. Инфекция Әзербайжанға Ираннан келген Ресей азаматынан анықталды», - делінген хабарламада.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі 19 ақпанда елде  коронавирусты жұқтырудың алғашқы жағдайы туралы хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, Иранда ауруды жұқтырғандар саны 388-ге жетіп, кем дегенде 34 адам қайтыс болған.