• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Наурыз, 2020

Түркістан: Павлодарлық студенттер - байқау жеңімпазы

103 рет
көрсетілді

Түркістан облысында өткен «Hakaton Yassawi SmartTech» IT жобалар байқауы өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздегі 15 жоғары оқу орнынан 100-ге жуық үміткер қатысқан болатын.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Кентау институтында 2 кезең бойынша өткен сайыстың бас жүлдесіне С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студентері ие болды. Екі күнге созылған жарыс Түркістан қаласында басталып, Кентауда түйінделді.

Байқауды қорытындылау кешінде Кентау институтының директоры Үсен Рахметұлы жеңімпаздарды құттықтап, арнайы сертификаттармен марапаттады. «Incraft» компаниясынан келген төрешілер дарынды жастардың білім дәрежелерін байқады. IT технологиялар арқылы жаңа бағдарламалардың бірегей жолдарын әзірлеп, жүзден жүйрік атанған жастарды құттықтаймын. Биік белестерді бағындыра беріңіздер", - деді институт директоры.

Алматы қаласындағы «Incraft» компаниясынан келген мамандар 6 ай тегін тағылымдамадан өту мүмкіндігіне лайықты деп С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университет командасын таңдады. Сайысқа қатысушы өзге де командалар бағалы сыйлықтармен марапатталды.