• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 03 Наурыз, 2020

Алматыда жас педиатр дәрігерлердің халықаралық жиыны басталды

209 рет
көрсетілді

Алматыда «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясы дамуының сын-тегеуріні мен келешегі» тақырыбымен докторанттар, магистранттар мен резиденттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

Аталмыш шара С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің 90 жылдығына орай  орайластырылып отыр.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігі мен С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың балалар аурулары кафедрасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференцияға ТМД, Қазақстан және шет елдерден 100-ден астам зерттеу жұмысымен айналысатын ізденушілер, жас педиатрлар мен балалар хирург-дәрігерлер келді.  

Халықаралық деңгейдегі бұл жиында балалардағы ауруларды емдеу мен диагностикалаудың заманауи әдістері, балаларға медициналық көмек беруді ұйымдастыру аспектілері,  сирек ауруларды емдеу мен диагностикалауы жетілдіру мен жаңа стандарты, түрлі хирургиялық және соматикалық патологиялары бар балаларды оңалту, психологиялық және медициналық-әлеуметтік бейімдеу, балалар жасындағы интенсивті терапия мен анестезиология, диагностикалау мен емдеуде  қолданылатын заманауи медициналық технологиялар және т.б. нәрестелер мен балаларды емдеу мен педиатрия, хирургия саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, ғылыми жобалар ұсынылады және практикадағы ерекше клиникалық жағдайлар ортаға салынады.  

Конференцияның ашылу салтанатында С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ  проректоры Ұбайдұлла Датхаев пен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрайымы Риза Боранбаева жас ғалымдар алдында алғы сөз сөйледі.

Ғылыми конференцияға ұсынылған баяндамалар үш аталым бойынша анықталып, арнайы дипломдармен марапатталады.

 

 

АЛМАТЫ