Марокконың Рабат қаласында наурыздың 6-8 наурыз аралығында дзюдодан өтетін әлемдік Гран При турнирінде Қазақстан намысын 15 дзюдошы қорғайды.
Олардың арасында төрт балуан - маңғыстаулық. Ерлер арасында 60 кг салмақ дәрежесінде Бауыржан Нарбаев пен 81 кг салмақта Руслан Мұсаев кілемге шықса, әйелдер арасында 52 салмақ дәрежесінде Анна Казюлина, 48 кг салмақта Әйгерім Әбілқадырова сынға түседі.
Додаға 95 елден 583 татами шебері қатысады деп күтілуде.
Маңғыстау облысы